Cенат депутаттары Ұлттық нейрохирургия орталығында болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Cенат депутаттары Ұлттық нейрохирургия орталығында болды

27.12.2022

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев бастаған Палата депутаттары Ұлттық нейрохирургия орталығының жұмысымен танысты.

Сенат төрағасы елімізде денсаулық сақтаудың сапасын арттыруда осындай орталықтардың рөлі үлкен дейді. Мұнда заманауи «Гамма-пышақ» кешені орнатылған. Ол күрделі нейрохирургиялық ота жасауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ депутаттарға госпитальдық фармация бөлімшесінің қызметі таныстырылды. Онда емдеудің тиімділігі мен дәрілік заттарды пайдаланудың ұтымдылығын арттыруға мүмкіндік беретін технологиялар бар.

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу