Келесі жылдан бастап диқандарды қолдау үшін форвартдтық қаржыландыру тәсілі енгізілмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Келесі жылдан бастап диқандарды қолдау үшін форвартдтық қаржыландыру тәсілі енгізілмек

26.12.2022

Келесі жылдан бастап диқандарды қолдау үшін форвартдтық қаржыландыру тәсілі енгізілмек. Шаруаларға әкімдік жанындағы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясынан пайызсыз несие беріледі. Бұл олардың көктемгі дала жұмыстарына кеткен шығынын жабуға көмектеседі. Әрі күзде түскен өнім форвартдтық әдіс арқылы сатып алынып, ел аумағына тарайды. Мұндай өзгеріс әсіресе қаржы жоқтығы қолбайлау болып, жерге соқа сала алмай отырған диқандарға демеу болары сөзсіз. Пайызсыз несиеге құжат тапсыру келер жылдың 10 қаңтарына дейін жалғасады. Мамандар диқандардың тұқым мен минералды тыңайтқышқа кететін шығынының 50 пайызын субсидиялау биыл да жалғасады дейді.

Дамир Егізбаев, ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің баспасөз хатшысы:

Негізгі міндеттері еккен, жинап алған өнімді ішкі нарыққа жеткізу, яғни осы форвартдтық сатып алу механизмдерінінң арқасында ең алдымен ішкі өнімді қамтамасыз ету. Сондықтан да оның бағасы да тұрақты болады деген ойымыз бар.

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу