Алмат Жұманов АҚШ-қа аттанады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алмат Жұманов АҚШ-қа аттанады

26.12.2022

Халық арасында «Қазақ титаны» лақап атымен танымал Алмат Жұманов АҚШ-қа аттанады.

Ол америкалық ірі әрі әйгілі «Bare Knuckle Fight Championship» промоушенымен 1 жылға келісімшартқа отырды. Келер жылы жерлесіміз 100 келі салмақ дәрежесінде аталған құрлықта 4 жекпе-жек өткізбек. Алмат тамыз айында Дубайда «Ирандық Халк», яғни Саджад Гарибимен өткен жұдырықтасудан кейін шет елдік промоутерлердің көзіне түскен.

Бұған дейін Алмат Жұманов 109 тонналық поезды орнынан жылжытып, 300 келілік түйені арқасына салып, жеңіл көлікті тартқан еді. Тіпті салмағы 32 тонна болатын АН-72 ұшағын 13 метрге сүйреп Гинестің рекордттар кітабына енген.

Алмат Жұманов, кәсіпқой спортшы:

Шет елге қай жағынан болсын шыққым келді. Осы сәтті мен көп күттім. Енді осы сәтті жібермей, жақсы дайындалып, Қазақстанда қандай батырлар бар екенін көрсеткім келіп тұр. Чемпион болып, Қазақстанға белбеумен келемін деген үміттемін.


Хабарламаларға жазылу