Ұлыбритания экономикалық дағдарысты еңсере алмауы мүмкін
Келесі жылы Ұлыбритания экономикасы дағдарысты еңсере алмай, әлісерей түседі. Бұл сарапшылардың пікрі. Ал Ұлттық статистика басқармасының мәліметінше, соңғы тоғыз айда ел экономикасына түсім 0,3 пайызға қысқарған. Себебі бизнеске жұмсалған инвестициядан пайда жоқ.
Марина Бекенова, тілші:
Елдегі экономикалық рецессия жалғасып, компаниялардың табысы төмендеп жатыр. Жалақы көлемі азайып, жұмыссыздық деңгейі өсті. Үкіметтегілер денсаулық сақтау және білім салаларына жұмсалуы тиіс салық көлемінің қысқаруынан не істерін білмей әлек. Энергия мен азық-түлік бағасының күрт өсуінен экономика құлдырап барады. Бұл инфляцияның соңғы 40 жылда болмаған ең жоғары деңгейге көтерілуіне әкелді.
Джереми Хант, Ұлыбритания қаржы министрі:
Күрделі экономикалық жағдай бізде ғана емес, бүкіл әлемде қалыптасып отыр. Және ол жақсарғанға дейін біраз қиындықтарға шыдауымызға тура келеді. Бірақ бізде келесі жылы инфляцияны екі есеге дейін азайтуға мүмкіндік беретін жоспар бар. Сол бағытты ұстануымыз керек. Сонда ғана бізге қажет тұрақты экономикалық өсімге орала аламыз.
Марина Бекенова, тілші:
Ұлыбританияда бұрын-соңды болмаған ереуілдер жиіледі. Қымбатшылықтың кесірінен халық көшеге шықты. Мұғалімдер, теміржолшылар, автобус жүргізушілері, пошташылар да бас көтерді. Ұлыбритания тарихында алғаш рет 300 мыңға жуық медбике мен фельдшер ереуілге шығып, науқастар назардан тыс қалды. Сарапшылардың пікірінше, келесі жылы Ұлыбритания экономикасы Үлкен жетілікке кіретін басқа елдерге қарағанда тезірек әлсірейді. Ал қалған алтауының экономикасы қайта қалыпқа келуі мүмкін. Мұның бәріне кінәлі - Брексит,-дейді олар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Астана Опера» театрында Вердидің «Травиатасы» сахналанды
06.04.2026, 17:27
Биыл Алматыға 550 мың түрлі ағаш егеді
06.04.2026, 17:25
«Ауыл аманаты»: БҚО-ға ₸ 14,8 миллиард бөлінген
06.04.2026, 17:22
Алғаш рет изолейцин және лейцин өнімі шығарыла бастады
06.04.2026, 17:20
Алматыда қалдықты құрылыс материалына айналдыратын зауыт ашылды
06.04.2026, 17:17
Жамбылдық жас мамандар жұмысқа конкурссыз қабылдана бастады
06.04.2026, 17:15
Су инфрақұрылымы цифрлық жүйеге көшеді
06.04.2026, 17:12
Қостанай облысы тасқынға толық дайын
06.04.2026, 17:10