Киевте бас шыршаның шамы жағылды
Украинадағы қарулы қақтығыс мен қуат тапшылығына қарамастан Киевте жаңа жылдық бас шыршаның шамы жағылды. Оған электр қуаты күн сайын аз уақытқа дизелдьді генератор арқылы беріледі. Себебі қалада энергия жетіспеушілігі 60 пайызға жеткен. Шыршаның бойы да қысқарған. Өткен жылғыдай 31 метр емес, 12 метр ғана. Шамдарының да жартысы жанып, жартысы жанбай тұр. Десе де шыршаны тудың түсіне лайықтап безендіріп, балаларға аз да болса қуаныш сыйлағымыз келді, - дейді қала мэрі Виталий Кличко. Сары-көк түске боялған әрі төбесіне жұлдыз емес, Елтаңба орнатылған биылғы шыршаны тамашалауға жергілікті тұрғындар бала-шағасымен бірге келіп жатыр.
Виталий Кличко, Киев қаласының мэрі:
Қоғамда шыршаға қатысты түрлі даудың өрбігені рас. Керек не керек емес деп дауласқандар болды. Дегенмен біз балаларға жаңа жылдық көңіл-күй сыйлағымыз келді. Оның үстіне қазына қаражатынан ақша алынған жоқ, шыршаны жергілікті кәсіпкерлер өз ақшасына орнатты.
Алена, Запорожье өңірінің тұрғыны:
Бала үнемі соғыс деген үрейде өмір сүрмеу керек… Біздің де ең басты міндетіміз - баланы бақытқа бөлеу емес пе? Жаңа жыл алдында ғажайып, ертегі әлеміне енсін деп шырша жағу кешіне алып келдім.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Доллар бағамы 466 теңгеге дейін түсті
06.04.2026, 20:15
Түркияда әлеуметтік желіге тіркелу үшін жеке куәліктің нөмірін енгізу керек
06.04.2026, 20:13
Axios: АҚШ пен Иранға атысты тоқтату жоспары ұсынылды
06.04.2026, 20:12
Енді жеке деректерді кім таратқанын тексеруге болады
06.04.2026, 20:07
Мобильді аударымдар: 15 сәуірге дейін салық органдарына жолданады
06.04.2026, 20:04
Әлеуметтік желі адамды қалай тәуелді етеді?
06.04.2026, 20:03
Президент Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасын қабылдады
06.04.2026, 20:01
Алаяқтар астаналық тұрғынның 20 миллион теңгесін жымқырды
06.04.2026, 19:05