Әскерге шақырылғандардың қарызы кейінге шегеріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әскерге шақырылғандардың қарызы кейінге шегеріледі

23.12.2022

Келер жылдан бастап мерзімді әскери қызметке алынған азаматтардың несие қарызына уақытша каникул беріледі. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің өкілдері мәлімдеді. Әскери борышын өтеу кезінде екінші деңгейлі банктер мен микронесие ұйымдарына берешегі бар азаматтардың қарызы өсіп, несие тарихына нұқсан келетін жағдайлар жиілеген.

Осындай келеңсіздіктерді болдырмау үшін Қорғаныс министрлігі қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен өзара меморандумға қол қойды. Келісім бойынша әскерге шақырылғандардың қарызы кейінге шегеріледі. Ол үшін әскери бөлімнен анықтама алып, қаржы ұйымына өткізу қажет.

Әлішер Нұрғалиев, ҚР Қорғаныс министрлігі кадрлар департаменті басқармасының аға офицері:

Біріншіден, бұл әскери қызметттің имиджін арттыруға өз септігін тигізеді. Екіншіден, әскерге шақырылушылар мен олардың жақын туыстары арасындағы әлеуметтік шиеленісті жоюға мүмкіндік береді деп санаймыз.

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу