Мешіт имамдарының көмегімен 534 адам оңалтудан өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мешіт имамдарының көмегімен 534 адам оңалтудан өтті

22.12.2021

Биыл мешіт имамдарының көмегімен 534 адам оңалтудан өтті. Дін атын жамылған теріс ағым өкілдерінің көпшілігі дәстүрлі Ханафи мазхабына оралды. Бұл жайында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы кеңейтілген төралқа мәжілісінде мәлімдеді. Биылғы жылдың қорытындысын жариялаған діни бірлестік тұрғындардан түскен 122 мыңнан астам сұраққа жауап берген. Ал қайырымдылық бағытында жүргізілген жұмыстардың арқасында 100 ден астам мұқтаж отбасы баспаналы болды. 

Наурызбай Қажы Тағанұлы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы:

333 азамат дәстүрлі Ханафи бағытына өтті. Оның бәрі, Аллаға шүкір, бүкіл елдегі имамдарымыз бен дін саласының жауапты маманымен жұмыс істеді. 


Хабарламаларға жазылу