Қарағандыда жылу магистралінің құбыры қалпына келтірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда жылу магистралінің құбыры қалпына келтірілді

22.12.2022

Қарағандыда жүк көлігі майыстырып кеткен жылу магистралінің құбыры қалпына келтірілді. Мамандар ақау болған жерді дәнекерледі. Таңғы сағат 5:30-да Камаз жүргізушісі диаметрі мың миллиметр болатын негізгі құбырды соғып кеткен болатын.

Салдарынан қаланың орталық бөлігіне берілетін жылудың қысымы төмендеді. Қазір жағдай қалыпты. Ал көлік иесі айыппұл төлейді.

Андрей Ляпунов, «Қарағанды Теплотранзит» компаниясының бас директоры:

Магистарльды құбырды қалпына келтіруге бар болғаны 15 минут уақыт кетті. Қазір құбырдың ақау шыққан аумағын суға толтырып жатырмыз. Шамамен 1-2 сағатта температура көтеріледі.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу