Қазақстан Беларусьпен өнеркәсіп кооперациясын нығайтпақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан Беларусьпен өнеркәсіп кооперациясын нығайтпақ

28.10.2022

ТМД Үкімет басшылары кеңесінің Астанадағы кезекті отырысы қарсаңында Премьер-Министр Әлихан Смайылов Беларусь Премьер-Министрі Роман Головченкомен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастық, өнеркәсіп кооперациясы, ауыл шаруашылығындағы өзара іс-қимыл және Беларусьте Қазақстанның мәдениет күндерін өткізу мәселелерін талқылады. Әлихан Смайылов өзара сауданы ұлғайту жөніндегі жұмыс шеңберінде Беларусь нарығына шығарылатын экспортты кеңейтуді жоспарлап отырғанын атап өтті.

Хабарламаларға жазылу