Аптаның айшықты оқиғалары – «Apta.kz»-те - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аптаның айшықты оқиғалары – «Apta.kz»-те

14.06.2015
Аптаның айшықты оқиғалары – «Apta.kz»-те

Осы аптада Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезі өтті. Астанада 2003 жылдан бері тұрақты түрде өтіп келе жатқан дін көшбасшылары съезінің бүгінде өзіндік тарихы қалыптасып үлгерді.

Руһани көшбасшылар  ортаға тастаған ұсыныстар, салмақты ойлар, құнды пікірлер ұрпаққа аманат етуге болатын құндылық. Сондықтан, отырыста Мемлекет басшысы Бейбітшілік және келісім сарайында арнайы музей ұйымдастыруды ұсынды.

Сондай-ақ, Қазақ Президенті Ақордада съезге келген бірнеше өкілді қабылдады. Олар не айтты?  Президент қандай ұсыныс жасады?

Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысы нені талқыға салды? Экологиялық қауіпсіздіктің жайы, қоршаған ортаны қорғау саласында қабылданып жатқан шаралардың нәтижесі қандай? Бүгін 20:00-де «Apta.kz»-ті көріңіз.

Хабарламаларға жазылу