Ауғанстандағы «Талибан» қозғалысы әйелдерің университеттерде оқуына тыйым салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауғанстандағы «Талибан» қозғалысы әйелдерің университеттерде оқуына тыйым салды

21.12.2022

Ауғанстанда былтыр билікке келген «Талибан» қозғалысы әйелдерің университеттерде оқуына тыйым салды. Мұны осы елдің жоғары білім министрлігі хабарлап отыр. Оның дерегінше, жаңа шешім дереу күшіне енеді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Ауғанстан жөніндегі арнайы өкілі Роза Отынбаева бұл «Талибанның» халықаралық қауымдастықпен қатынасын қиындататынын ескертті. Осыған дейін шет мемлекеттердің үкіметтері мен АҚШ әкімшілігі Ауғанстан әйелдерінің білім алуына қатысты саясат өзгермесе, тәліптер үкіметін мойындамайтынын айтқан.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу