БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі қарар қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі қарар қабылдады

28.04.2023

Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі Ауғанстанға қатысты қарар қабылдады. Құжат «Талибан» үкіметін әйелдерге қатысты тыйымдарды алып тастауға шақырады. Бастаманы Ресей мен Қытай да қолдаған.

Тәліптер билікке келген соң Ауғанстанда қыздардың 6-сыныптан кейін білім алуына тыйым салды. Әйелдер ер адамсыз көшеге шықпауы керек. Билік олардың халықаралық үкіметтік емес ұйымдарда жұмыс істеуіне де рұқсат бермей отыр. Бұған наразылық білдірген Біріккен Ұлттар Ұйымы Ауғанстандағы қызметін тоқтататынын ескертті. Өйткені кедейшілікке ұшыраған миллиондаған ауғандыққа гуманитарлық жәрдем көрсетуде әйелдердің қызметі өте маңызды. Сарапшылар Қауіпсіздік кеңесінің шешімі тәліптер үкіметінің имиджін тіпті нашарлатады деп отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу