Алматыда «TECHCUP-2022» ашық чемпионаты басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «TECHCUP-2022» ашық чемпионаты басталды

21.12.2022

Алматыда робототехника бойынша ашық чемпионат басталды. Жарысқа 7-22 жас аралығындағы балалар мен жастар қатысуда. Олар өздерінің бірегей инженерлік жобаларын ұсынып, өз мүмкіндіктерін көрсетеді.

Қатысушылар негізінен робототехника, жаңа технологиялар және бағдарламалау саласында сайысқа түседі. Жетінші рет ұйымдастырылып жатқан шарада 2000 мыңнан аса үміткер бақ сынайды. Жүлде қоры – 4 млн теңге.

Оқ бойы озық шыққан 15 жеңімпазға жоғары оқу орындары келер жылға 15 білім грантын бөліп отыр.

Қасымбек Өжікенов, ұйымдастырушы:

Мектеп оқушыларынан, содан кейін студенттерге, колледждің студенттеріне бағытталған. Чемпионаттың негізгі мақсаты – жастардың ғылымға, білімге деген құштарлығын арттыру.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу