Елде қарызын төлемеген борышкерлер саны 7 млн адамға жетті
Елімізде несие және басқа да қарызын төлемей жүрген борышкерлер саны 7 млн адамға жетті. Олардың қатарында несиеден бөлек коммуналдық төлем мен алимент төлемегендер бар. Бұл туралы қаржы министрінің орынбасары Ержан Біржанов айтты.
Қазір «Азаматтардың төлем қабілетін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заң жобасы қызу талқыланып жатыр. Ол заң банкрот болған азаматтарға 5 жылға дейін несие бермеуді көздейді. Сондай-ақ, жағдайы қиындай түссе 7 жылдан кейін тағы банкроттыққа өтініш бере алады. Заң қабылданса борышкерді банкрот деп жариялаудың 3 түрі енгізілмек. Қазір құжат жобасына ұсыныстар енгізіліп, мәжілістің екінші оқылымына жіберілді.
Ержан Біржанов, ҚР Қаржы министрінің орынбасары:
Азаматтардың қаржылық қабілеттерін арттыратын заң жобасы көп сұрақтарды шешуге бағытталған. Енді заңнама жан-жақты қаралып, осы жұмыс топтарында, мәжілісте, сенатта қаралып, халыққа қолданылатын жеңіл де жақсы заң болады деп ойлаймыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңа Конституция жобасын еуропалық сарапшылар талқылауда
11.02.2026, 21:34
Қыс әлегі: Жамбыл облысында бірнеше бағыттағы жол жабылды
11.02.2026, 20:18
Әлем жаңалықтарына шолу
11.02.2026, 20:17
Ипотека нарығына өзгеріс енгізіледі
11.02.2026, 20:16
Түркістан облысында көктемгі дала жұмыстарына 36,8 млрд теңге бөлінді
11.02.2026, 20:15
Қысқы Олимпиада ойындарының 5-күні
11.02.2026, 20:12
Автогаз қоймаларын жер астына орналастыру міндеттелуі мүмкін
11.02.2026, 20:12
Әскерден келгендер университетте тегін білім алып жүр
11.02.2026, 20:11