«AMANAT» партиясының қатары толықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«AMANAT» партиясының қатары толықты

19.12.2022

Бүгін «AMANAT»-тың барлық өңірлік филиалында партияға салтанатты қабылдау рәсімі өтті. Елордада 50-ден астам белсенді «AMANAT» төрағасының қолынан партия билетін алды. Жалпы жыл басынан бері 29 мыңнан астам қазақстандық партия қатарын толықтырған.

Ерлан Қошанов, «AMANAT» партиясының төрағасы:
Біздің мүддеміз де бір. Мақсатымыз да бір. Ол – елдегі тұрақтылықты сақтау. Тәуелсіздігімізді нығайту, елді біріктіру, қоғамды Мемлекет басшысының төңірегіне топтастыру. Бұл жолда бәріміз бір кісідей жұмылуымыз керек.

Сондай-ақ, «AMANAT»-тың партиялық бақылау комитеті бір жылдық жұмысын қорытындылады. Артур Платоновтың сөзінше, биыл 216 өңірлік сайлауалды бағдарлама қабылданды. Онда тұрғындардың 17 мың ұсынысы ескерілген. Биыл партияның комитеті орталық және жергілікті атқарушы мекемелерге 200-ден астам нақты ұсыныс берді. Азық-түлік, дәрілік заттар және жанар-жағармай бағасына бақылау жүргізу бойынша 216 мониторинг тобы құрылды.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу