Ақтауда үйлену тойына келген қонақтар футболды үлкен экраннан тамашалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда үйлену тойына келген қонақтар футболды үлкен экраннан тамашалады

19.12.2022

Ақтауда үйлену тойына келген қонақтар футболдан Әлем чемпионатының соңғы матчын мейрамханадағы үлкен экраннан тамашалады.

Аргентиналықтар жеңіске жеткен сәтте жұрттың қуанышында шек болмады. Әсіресе, жастар қуанғаннан залдың ортасына жүгіріп шықты. Осы кезде ұйымдастырушылар ортаға кубок әкелді. Ерекше тойдың иесі – өзі де футболшы. Отау құрып жатқан Нұралы Әліп Қазақстан құрама командасының және ресейлік «Зенит» клубының ойыншысы.

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу