Қатар елінде бірнеше қазақ жастары білім алуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қатар елінде бірнеше қазақ жастары білім алуда

15.12.2022

Қатар елінде бірнеше қазақ жастары білім алуда. Қазір футболдан өтіп жатқан әлем біріншілігінде өз мамандықтары бойынша тағылымдамадан өтіп, тәжірибелерін де шыңдап жатыр. 

Қатарда 40-тан аса қазақстандық жас біліп алып жатыр. Эдьюкейшн Сити деп аталатын білім қалашығында 8 жоғары оқу орны бар. Оқимын деген студентке бұл жерде бар жағдай жасалған. Сондай-ақ футболдан өтіп жатқан аладоп аламанында көптеген студентке тағылымдамадан өтуге мүмкіндік бар. Медиа саласында білім алып алып жүрген жерлестеріміз Мундиальдің жоғары деңгейде өтуіне ат салысуда.

Жаңа технологиялармен жабдықталған мультимедиалық кабинеттер жастардың білімін шыңдап, кәсіби білікті маман болуына жағдай жасайды. Қатар университеттерінің бір ерекшелігі де осында. Бұл жерде соңғы үлгідегі медиа саласына қажеттінің барлығы бар. Мақсат - бәсекеге қабілетті, мықты маман оқытып шығару.

Ерсін Ерік


Хабарламаларға жазылу