Қостанайда қалың қар түсіп, көшелерде қозғалыс қиындады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда қалың қар түсіп, көшелерде қозғалыс қиындады

25.11.2022

Қостанайға бір түнде айлық нормаға жуық қар түсіп, көшелерде қозғалыс қиындады. Жол тазалаушылар күні-түні тынбай жұмыс істеп жатыр.

Дәуренбек Әбдібек, тілші:

Қар кеше кешке жауа бастаған, содан таң атқанша тоқтамады. Синоптиктердің айтуынша, бір айлық норма 24 см болса, 16 сағатта Қостанайға 18 см қар түскен. Бұл бірінші кезекте көліктердің қозғалысын қиындатты. Коммуналдық кәсіпорындар тәулік бойы тоқтаусыз жұмыс істеп жатыр. Бірінші кезекте қоғамдық көлік жүретін жолдар мен әлеуметтік мекемелерге баратын кіреберістер аршылды. Қаланы қардан тазалауға 5 мердігер кәсіпорынның 90-ға жуық техникасы жұмылдырылған. Қазір күн ашық, жағдай қалыпқа түсіп келеді. Мамандар 2-3 күнде қарды толық тазалап, қала сыртына шығарып үлгереміз деп отыр.


Хабарламаларға жазылу