Елордада руна жазуларына арналған конференция өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада руна жазуларына арналған конференция өтті

13.12.2022

Елордада руна жазуларының маңызы талқыланып жатыр. Әлемнің әр түкпірінен жиналған ғалымдар бітік жазулары туралы зерттеуін ортаға салып, пікірталас өткізді. Жиында көшпенділер мен түркілер мәдениетін ұғыну үшін, тасқа басылған таңбаларды меңгерудің маңыздылығы да айтылды. Сондықтан «Ұлы Бұдын» қоғамдық қоры Алматы мен астанада руникалық жазу курстарын ашқан.

Асылбек Баяжұмаұлы, Геральдикалық зерттеулер орталығының директоры:

Бұл түрік әлемі, түрік бітік жазулары, руникалық осы жазуларды зерттеу арқылы біз өзіміздің түркі әлеміне қатысымыз бар екенін, соның тікелей ұрпағы екенімізді, Алтын орданың тікелей нағыз ізбасары екенімізді дәлелдейтін іс-шара болып табылады.

Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу