Қазақ мемлекеттік циркінің әртістері халықаралық фестивальде жүлдегер атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ мемлекеттік циркінің әртістері халықаралық фестивальде жүлдегер атанды

11.03.2015
Қазақ мемлекеттік циркінің әртістері халықаралық фестивальде жүлдегер атанды

Ақпанның 26-ы мен наурыздың 2-сі аралығында Испанияның Фигерас қаласында өткен IV халықаралық жарыста Андрей мен Алия Канахиндер «Күміс піл» марапатын жеңіп алды.

Олар «Сен және мен» деп аталатын екі бірдей цирк өнері жанрларының органикалық синтезі болып табылатын нөмірді орындаған. Мачтадағы акробаттар және белдіктегі әуе гимнасттар. Қойылымның авторы қазақ мемлекеттік циркінің директоры - Дәулет Досбатыров.

 

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу