«Орион» ғарыш кемесі жерге оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Орион» ғарыш кемесі жерге оралды

12.12.2022

NASA араға жарты ғасыр салып, Айды бағындыру миссиясын қайта бастады. Қарашаның ортасында ғарышқа аттанған Орион капсуласы жиырма бес күннен соң жерге қайта оралды.

Сенсормен жабдықталған экипажды тасымалдаған ғарыш кемесі Тынық мұхитына  түсіп, астронавтар Жерге қауіпсіз орала алатынын көрсетті,-дейді NASA мамандары.

Осылайша, Апполон Айға қонғаннан кейінгі елу жылдан соңғы алғашқы миссия сәтті жүзеге асқан. АҚШ Ғарыш агенттігі мұнымен шектелмек емес.

Осы он жылдықта астронавтардың бірнеше миссиясын Айға қондыруды және сол жерде Марсты зерттеудің баспалдағы ретінде база құруды көздеп отыр. 

Жоспар бойынша 2024 жылы ғарышкерлер мінген миссия Айды айналып өтсе, тағы бірнеше жылдан соң австронавтар Ай бетіне қонады. Олардың қатарында - әйел ғарышкер де болмақ.

Жалғас Сәдібекұлы

Хабарламаларға жазылу