Архив - тарих шежіресі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Архив - тарих шежіресі

09.12.2022

Архив саласындағы реставрацияны дамыту маңызды. Бұл туралы елордада өткен алғашқы Халықаралық ғылыми тәжірибелік семинарда айтылды. Тарихты келешек ұрпаққа дәлме-дәл, өзгеріссіз жеткізу парыз, - дейді мамандар. Сондықтан өңдеу мен оның тың тәсілдерін игеру маңызды.

Басқосуға сала мамандары, сонымен қатар Ресей, Өзбекстан мұрағатшылары, кітапхана мен мұражай қызметкерлері қатысты. Олар ескі жазбаларды қалпына келтіру мен оны сақтау жолдарын талқылап, пікір бөлісті.

Жандос Болдықов, Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының директоры:

Біздің елімізде бұл сала әлі дұрыс дамып келе жатқан жоқ. Бізде арнайы оқу орындары да жоқ, реставрация жасайтын.  Жалпы Қазақстан бойынша 100 мыңнан аса қор бар, мыңдаған кітаптар бар, мыңдаған көне қолжазбалар, сирек кітаптар бар. Олар әлі күнге дейін реставрациядан өткен жоқ.

Хабарламаларға жазылу