Киевте «Елбасы. Тәуелсіздік шежіресі. Тарих тоғысында» деректі фильмі көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Киевте «Елбасы. Тәуелсіздік шежіресі. Тарих тоғысында» деректі фильмі көрсетілді

02.12.2021

Киевте «Елбасы. Тәуелсіздік шежіресі. Тарих тоғысында» деректі фильмі көрсетілді.

Қазақстанның Украинадағы елшілігінің ұйымдастыруымен көрсетілген фильмде енді ғана егемендігін алған елдің алғашқы қалыптасу жылдары баяндалады. Қазақ халқының жеңісті жолын түгендеген туындыда, әсіресе, «Мемлекеттік егемендік туралы Декларация» және оның тарихи маңызына ерекше мән берілген. Сондай-ақ Елбасы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Семей ядролық сынақ алаңын жабу туралы жарлығы жайлы да деректер келтіріледі.

Данияр Егамбердиев, Киев қаласындағы «Достық» Қазақ мәдени қоғамының төрағасы:

Бізге көп ұнаған жері - Олжас Сүлейменовтың Семейдегі полигонның жабылуы туралы өте бір жақсы айтты, бізде әлі ақпарат кем. Бүгін жақсы ақпарат алдық. Украинадағы Қазақ диаспорасы бұл фильмді ыстық қабылдады. Арғы сериалдарын да күтеміз.


Хабарламаларға жазылу