«Еліміздегі колледждердің ТОП-100 студенті» республикалық байқауы аяқталды
Қазақстанда «Еліміздегі колледждердің ТОП-100 студенті» республикалық байқауы аяқталды. Жүзден жүйрік атанғандарды Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов арнайы сертификаттармен марапаттап, алдағы кәсіби қызметтеріне табыс тіледі.
Бүгінде оқ бойы оза шапқан 100 студенттің жартысына жуығы еліміздің ірі кәсіпорындарына жұмысқа шақырту алған. Жеңімпаздарды қазақстандықтар 1-15 қараша аралығында өткен онлайн дауыс беру арқылы анықтады.
Асхат Аймағамбетов, ҚР Оқу-ағарту министрі:
600 мыңға жуық еліміздің колледждерінде студенттер бар. Солардың бүгінгі күні ең үздік 100 студентін таңдап алып, қошемет көрсетіп, марапаттап жатырмыз. Әрине қазіргі уақытта біздің экономикамыздың әрі қарай дамуы үшін, еліміздің әрі қарай дамуы үшін осы жұмысшы мамандықтарды дамытқан өте маңызды, сондықтан мұндай шаралар ерекше маңызға ие деп санаймын.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Варшавада Қазақстанның кемсітушілікке қарсы заң жобасы таныстырылды
14.10.2026, 20:16
Әлем жаңалықтарына шолу
14.10.2026, 20:15
Оқушылардың жаппай улануы: Қылмыстық іс қозғалды
14.10.2026, 20:11
3 жылға арналған бюджет жоспары таныстырылды
14.10.2026, 20:06
Екпенің алғашқы дозасы 6500-ге жуық жасөспірімге салынған
14.10.2026, 20:05
«Жаңа қоғамдық этика: Мәдениет, әдеп, әдет» форумы өтті
14.10.2026, 20:04
Креативті индустрияның экономикаға қосқан үлесі 2,7 триллион теңгеге жетті
14.10.2026, 20:04
Мемлекет басшысы Вице-Президентті қабылдады
14.10.2026, 20:04