Алматыда Ахмет Байтұрсынұлының 12 томдық мұрасы жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Ахмет Байтұрсынұлының 12 томдық мұрасы жарық көрді

08.12.2022

Алматыда Ұлт ұстазы - Ахмет Байтұрсынұлының 12 томдық мұрасы жарық көрді. Ұлт руханияты жолында орасан еңбек еткен тарихи тұлғаның туындысы 3 мың данамен шықты. Мәдени-интеллектуалдық еңбек қазақтың рухани көсемі атанған Алаш ардақтысының мерейлі жылына орай басылды.

12 томдықтың ерекшелігі – барлық мұра төтеше және факсимилесімен хатталған. Жинақтарға «Оқу құралы: қазақша əліппе», «Тіл-құрал», «Сауат ашқыш» «Тіл-жұмсар» сияқты атаулар берілген. Кітаптар өңірлердегі кітапханаларға жеткізіледі.

Райхан Имаханбет, ахметтанушы, А.Байтұрсынұлы мұражай-үйінің директоры:

Мақсат біреу, өйткені Ұлт ұстазын жыл бойына ғана айту емес, ол кісінің әліпбиін танығысы келетін ұрпақтың оң жағындағы жазуды сол жақтағы жазуға салыстыра отырып, Ахмет Байтұрсынұлы төтеден іздеген жазуының қандай тыңғылықты дүниелерге қол жеткізгенін бүгінгі ұрпақ та танысын деп ,сол салыстырып, оқу арқылы олардың да білімін, кешегі Алаш мұрасын тануға мұрындық болу.

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу