Ахмет Байтұрсынұлының музей-үйі туралы кітап шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ахмет Байтұрсынұлының музей-үйі туралы кітап шықты

06.11.2017

«Алаш» партиясы мен «Алашорда» үкіметінің 100 жылдығына орай, Ахмет Байтұрсынұлының музей-үйі туралы кітап шықты. Ғылыми жинақта ашылғанына 25 жыл болған Алматыдағы аталған музей-үйдің жалпы ахуалы, ғалым мұрасының зерттелуі - мұрағат деректері негізінде баяндалған. Мұражайда сақтаулы тұрған архивтік құжаттар мен құнды заттар туралы тарихи мәліметтер келтірілген. 1000 данамен басылған құнды еңбек қалалық Мәдениет және архивтер басқармасының қолдауымен жарық көрді. Ғалымдар алдағы уақытта Ахмет мұраларын заманға сай  насихаттау үшін, мұражай-үйдің фото-альбомын шығаруды да жоспарлап отыр. 

Гүлжанар Амантайқызы, республикалық «Ұлт болмысы» журналының бас редакторы:

- Биыл қыркүйек айында Ахмет Байтұрсынұлының 145 жылдығы. Жалпы, белгіленетін дата емес. Десе де, бұл Ахметтің алдағы 150 жылдығына жасалып жатқан істердің алғышарттары.

 

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу