Оңтүстік Корея құрамасы Бразилиядан жеңілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Корея құрамасы Бразилиядан жеңілді

06.12.2022

Оңтүстік Корея құрамасы Бразилиядан жеңілді. Ойынның жетінші минутында-ақ жүйрік шабуылшы Винисиус Джуниор көзге түсіп, есеп ашты.

Бразилиялықтар қарсылас қорғанысының кілтін тауып, голды голға жалғады. Алғашқы таймның өзінде 4 доп айырмасы тіркелді. Бәрі де Бразилия пайдасына. Ал екінші таймның соңғы минуттарында кореялық Сын Хо Бэк аз да болса есеп айырмасын қысқартты:

Бразилиялықтар сенімді түрде ширек финалға қадам басты. Ал осы ойыннан кейін Оңтүстік Кореяның бас бапкері Паулу Бенту қызметінен кететінін мәлімдеді.

Дархан Рахымжан

Хабарламаларға жазылу