Шығыс Қазақстанда балық аулайтындарға ескерту жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда балық аулайтындарға ескерту жасалды

06.12.2022

Шығыс Қазақстанда төтенше жағдай қызметкерлері қыста балық аулайтындарға қауіпсіздік талаптарын сақтауды ескертіп жатыр. Елді-мекен маңындағы ұсақ тоғандардағы мұздың қалыңдығын тексеріп, балықшыларға ереже жазылған парақшалар таратты. Себебі, мұз қатпай жатса да балық аулауға шығатындар аз емес. Көбі қауіпсіздік шарасын ескермейді. Осының салдарынан соңғы 2 жылда жұқа мұздың үстіне шыққан 8 адам суға батып кеткен.

Ерік Тұрсынғалиев, облыстық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының офицері:

Мысалы, қазір біз тұрған жерде мұздың қалындығы шамамен 6 сантиметр. Бұл мүлдем қауіпсіз емес. Қауіпсіз болып есептелетін ол шамамен 10 саниметр. Балық аулаймын деушілер осыны естен шығармаса екен дейміз. Ал егер көлікпен мұзға шығатын болсаңыз, онда мұздың қалындығы шамамен 30 сантиметр болуы керек.


Хабарламаларға жазылу