Президенттің тапсырмасы бойынша тексерістен кейін СҚО-да екі аудан әкімі қызметінен босатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президенттің тапсырмасы бойынша тексерістен кейін СҚО-да екі аудан әкімі қызметінен босатылды

15.06.2021

Көші-қон бағдарамасына салғырт қарағаны үшін солтүстікте Айыртау және Есіл аудандарының әкімдері қызметінен босатылды.

Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес түстіктен теріскейге «Еңбек» бағдарламасы бойынша қоныс аударған азаматтарға берілген баспаналардың сапасы тексерілді. Нәтижесінде құрылыс талапқа сай жүргізілмегені анықталды. Мәселен, Айыртау ауданына 100-ден астам отбасы көшіп келген, солардың дені Саумалкөл ауылына қоныстанған. Алайда мұнда баспана ғана емес, екі жылдан бері ауыз су, жол, қоғамдық көлік мәселелерінің шешілмегені туралы жаңалықтарда айтқан болатынбыз. Бағдарламаның лайықты жүзеге аспағаны үшін сондай ақ облыс әкімінің орынбасары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру жөніндегі облыстық басқарма басшысы, бес ауданның әкімі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу