Түркістан облысында 40-қа жуық емдеу мекемесі салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында 40-қа жуық емдеу мекемесі салынды

05.12.2022

Еліміздегі 200 елді мекенде осы күнге дейін медициналық мекеме жоқ. Ал, 400-ге жуықемдеу мекемесінің қызметкерлері жалдамалы, апаттығимараттарды паналап отыр. Дегенмен, демографиялық өсім бойынша алдыңғы қатарда тұрған Түркістан облысында жағдай оңалып келеді. Соңғы үш жылда өңірде 40-қа жуық аурухана, модульдікжәне фельдшерлік-акушерлік пункт салынды.

Жарты ғасыр бұрын жатақхана ретінде салынып кейін емхана болған ғимарат қазір 80 мың тұрғын үшін тарлық етіп тұр. Дәрігерлерге де бөлме жетіспейді. Құрал-жабдық қоятын жер жоқ. Мамандар әсіресе індет өршіген кезде қиналамыз, дейді.

Анар Тәжібикеева, емхананың бөлім меңгерушісі:

Екі дәрігер бір кабинетте отырады. Кеше коронавирус кезіндегі 9 кабинетіміз сол ковидке кетіп қалды. Аппараттарымыз әр жерде. Мысалы үлкен рентгеніміз арғы жақта, аурухананың ішінде. Өзіміздегі аппараттар сыймайды.

Тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсету үшін емхана жанынан жаңа ғимарат салынды.Үш қабатты нысанда бұрынғыдай емес, бөлме жеткілікті, заманауи құрал- жабдықтар да орнатылған. Жаңа емхана жақын күндері тапсырылады. Ал, Шардараға жақын орналасқан Қоссейіт ауылында амбулаториялық емхана бастан аяқ жөнделді. Бес мың тұрғынға қызмет көрсететін нысанның жылу жүйесі жаңартылып, су құбыры тартылды.

Гүлжан Елемесқызы, емхананың аға дәрігері:

Осы жерде екі мезгіл емделеді, дәрі қабылдайды. Укол қабылдайды. Сол кезде жатып, кейде жылытқышпен барлық 16 кабинетке қосқанда өшіп қалатын. Кейде жылыта алмайтын, қуат жетпейді. Ал, қазір енді жылы жерде жатып, укол салдырып жатыр.

Базаргүл Ысқақова, ауыл тұрғыны:

Бұрынғыдан көп өзгеріс бар, әдемілік, ыңғайлы жағдай бар. Регистратура мына жерде істейді. Әр дәрігердің кабинеті өзінше.

Шардара ауданында орталық аурухана мен 10 ауылдық дәрігерлік амбулатория бар. Шалғай елдімекендерде 13 модульдік-медициналық тірек ашылған. Десе де ауданда дәрігер тапшы. Себебі жас мамандардың мұнда келуі қиын.

Нұрғали Молдаханов, Шардара аудандық Орталық ауруханасы басшысының орынбасары:

Ренаиматолог, акушер-гинеколог, педиатр, одан кейін неврапатолог, кардиолог мамандықтары бойынша бізде тапшылық болып жатыр. Биылғы жылы төрт мамандық өз қаржымыз есебінен резидентурада оқытып жатырмыз.

Мәселені шешу үшін үшін аурухана басшылығы медицина мамандарын даярлайтын жоғары оқу орындарына сұраныс берген. Ал, ауылға келген мамандарға 1,5-2 млн теңге алғашқы көмек беріледі. Баспанамен қамтылады. Әйтсе де соңғы екі жылда ауылғабірде бір дәрігер келмеген.

Айнұр Ақбаева


Хабарламаларға жазылу