Сарыағаш ауданында стационар жанынан оттегі станциясы салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарыағаш ауданында стационар жанынан оттегі станциясы салынды

11.11.2020

Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы стационар жанынан оттегі станциясы салынды. Ал карантин басталғалы мұнда 2 мыңнан астам шетелдік азамат жатқызылды. Жалпы еліміздің Өзбекстанмен шектесетін Сарыағаш ауданындағы стационарда 180 төсек-орын жасақталған. Аудандық аурухана зертханасының тәулігіне 500-ге жуық сынама алуға мүмкіндігі бар. Емдеу мекемесі 2-3 айлық дәрі-дәрмек қоры және жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілген. Таяуда орталық аурухана жанынан салынған жеке оттегі станциясы іске қосылды. 

Бауыржан Оспанов, Сарыағаш ауданы орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:
-Орталықтандырылған оттегіні өзі өңдеп ауруханаға жеткілікті мөлшерде беріп отырады. Осыған дейін 70 нүкте болған. Қосымша қазір 134 болды. Барлық палатаға, реанимация бөліміне қойылған. 

Ғани Қалмаханов

Сарыағаш стационар оттегі станциясы

Хабарламаларға жазылу