Жетісу облысында емдеу мекемесі ел игілігіне берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу облысында емдеу мекемесі ел игілігіне берілді

27.12.2022

Жетісу облысының Ақсу ауданында бір күнде екі жаңа емдеу мекемесі ел игілігіне берілді. Сағабүйен ауылындағы дәрігерлік амбулатория «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша салынған. 2,5 мыңға жуық тұрғыны бар елді-мекен/ аудан орталығынан 30, ал Ал облыс орталығынан 100 шақырым жерде орналасқан. Сондықтан ауылдағы ағайынның сапалы қызмет алуына/ бұл жерде барлық қолайлы жағдай жасалып отыр. 180 млн теңгеге бой көтерген амбулаторияда/ балаға да, қарт адамдарға да ем-дом шарасын жүргізетін бөлмелер бар. Мұндағы дәрігерлер жол апатына түскендерге де, медициналық көмек көрсетеді. Өйткені, Сағабүйен ауылы «Алматы-Өскемен» тас жолының бойында орналасқан.

Шолпан Бақтаева, амбулатория меңгерушісі:

Қызылағаш пен Сағабүйеннің ортасында болып жатқан жағдайлардың барлығына біз барып обслуживать етеміз. Күнделікті бір дәрігер мен бір медсестра кезекшілікте болады. Ол кісілердің шамасы келмей жатса қосымша адамдар тағыда бәріміз барып, көмек көрсетеміз.

Сонымен қатар Ақсу ауданының Көкөзек елдімекенінде модульді фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға берілді. Жансүгіров ауылдық округіне қарасты ауылда мыңға жуық халық тұрады. Модульді пункттердің басты ерекшелігі-жылдам салынады. Шағын елдімекендер үшін өте қолайлы болғандықтан, бұл ауданда 2025 жылға дейін осындай 15 емдеу-мекемесі бой көтермек.

Гүлжаһан Ералина, ауыл тұрғыны:

Кейбір жағдайда халық аудан орталығына барып емделеді. Бұл екі орта 7 шақырым жер. Барып келу де оңай емес. Күннің суығында, жаздың ыстығында өте қиын болған ауылға. Қазір міне өте жақсы. Ауылдың ортасында. Ауылдың екі жағына теңбе-тең, қиналмай келіп емдерін алады.


Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу