Елімізде қазақ ДНК-сының деректер қоры құрылуы мүмкін. Отандық жас ғалымдар АҚШ-тың айти гинетика бойынша тәжірибесін зерттеп жатыр. «Болашақ» бағдарламасының «500 ғалым» деп аталатын жобасы аясында тағылымдамадан өтіп жүрген азаматтармен кездескен тілшіміз Жалғас Сәдібекұлының репортажы.
Оңтүстік Калифорния университетінің малекула және компьютерлік биология орталығының зертханасы. Тағлымдамаға келген Олжас Абайұлының негізгі күні осы жерде өтеді. Себебі зерттеу тақырыбы аса ауқымды, қазақ популяциясының гетерогендігін анықтау.
Олжас Иқсан, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты:
Ғалымдар еліміздің әрбір өңірінен екі мыңға жуық қазақтың днк алып зерттеген. Әрі жеті атасына дейін ақпарат жинап, салыстырған. Нәтижесінде қазақ шежіресінің нақтылығын генетикалық тұрғыдан дәлдеген. Енді отандық айти генетика жүйесін қалыптастырып, деректер қорын топтастырмақ.
АҚШ-та тағлымдамадан өтіп жатқан маманның бірі Наужан Дидарбекова Дж.Вашингтон университетінде біліктілігін шыңдап, екі елдің Жоғарғы оқу орындарына талапкерлерді іріктеу, қабылдау емтихандарын салыстыра зерттеуге кіріскен. Оның айтуынша, Америкада баланы нақты мамандыққа баулу ерте жастан басталады.
Наужан Дидарбекова, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты:
500 ғалым, әр ғалым өзінің зерттеу саласы бойынша өздерінің жұмыстарын жүргізеді. Мысалы, бізге түрлі зертханаларда жұмыс істеуге мүмкіндіктер беріліп отыр. Осы Джордж Вашингтон университетінің кітапханасы, Конгрестің кітапханасы бізге қазір қолжетімді. Барлық қажетті материалды алуға, қажетті ғалымдармен жұмыс жасауға үлкен мүмкіндік.
«500 ғалым» жобасы арқылы түрлі салада жұмыс істеп, зерттеу жүргізетін жастар әлемнің үздік университеттерінде бір жыл бойы тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алды. 2021 жылы 416 ғалым болашақ степендиаты атанса, оның үштен бірі, нақты айтқанда 156-сы АҚШ жоғары оқу орындарында тәжірибеден өтіп жатыр.
Жалғас Сәдібекұлы