Елордада жас өнерпаздар «Ақберен» конкурсында бақ сынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада жас өнерпаздар «Ақберен» конкурсында бақ сынады

01.12.2022

Елорда төрінде жас өнерпаздар «Ақберен» конкурсында бақ сынады. Әр өңірден 130 оқушы 6 номинация бойынша өзара сынға түсті. Оның ішінде «Шешендік, білгірлік сайысы», «Көркем сөз оқу», «Эссе жазу», «Ұлттық аспапта өнер көрсету», «Ақындар айтысы» және «Ақындар мүшәйрасы» бар. Республикалық конкурс биыл тоғызыншы рет ұйымдастырылып отыр.

Бақдаулет Жанатбек, жарыс жеңімпазы:

Бүгінгі байқауда орындаған шығармам орда күйшілік аймағының күй атасы Құрманғазы атамыздың күйі «Серпер» болатын. Бағым мен бабым сай жүріп байқауда жеңімпаз атанып отырмын. 100 ден аса жас достырымыз қатысып жатыр, қарсыластар өте күшті, жақсы дайындалған.


Хабарламаларға жазылу