Қарағандыдағы екі автобус соқтығысты: Апатта қаза тапқандар саны екі адамға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыдағы екі автобус соқтығысты: Апатта қаза тапқандар саны екі адамға жетті

25.11.2022

Қарағандыдағы екі автобус соқтығысқан апатта қаза тапқандар саны екі адамға жетті. Ауруханаға жеткізілген жолаушылардың бірі, 19 жастағы бойжеткен көз жұмды. Дәрігерлер оның өте ауыр халде болғанын айтады. Бұған дейін хабарлағанымыздай таңертең қалаға кіреберістегі көпір үстінде қос автобус соқтығысқан еді. Жүргіз¬ушінің бірі сол заматта көз жұмды. Қоғамдық көліктердің бірінде жолаушы болмаған. Ал екінші автобустағы 18 адам ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалған.


Хабарламаларға жазылу