Жас сарапшылар Президент атқарған жұмыстарға шолу жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жас сарапшылар Президент атқарған жұмыстарға шолу жасады

25.11.2022

Алматыда жас сарапшылар мектебінің мамандары Мемлекет басшысының соңғы үш жылда атқарған жұмысына шолу жасады. Жақында өткен Президент сайлауына қатысты деректермен де бөлісті. Мектеп жүргізген статистика мен ресми мәлімет арасында көп айырмашылық жоқ,- дейді мамандар. Сарапшылар мектебі зерттеуді мамыр айынан бастаған. 2000-ға жуық жас арасынан әр түрлі салада жұмыс істейтін 16 адам іріктелініп алынған. Мамандар Қасым-Жомарт Тоқаевтың өмірбаяны мен жарияланған жеті кітабына да үш тілде талдау жасаған.

Айнұр Бақытжанова, «Қоғамдық пікір» зерттеу орталығының сарапшысы:

Саясаттану, әлеуметтану тұрғысынан қарастырдық. Әлеуметтану тұрғысынан біз жалпы айтылған шаралардың бізге Президенттікке үміткерлердің айтқан бағдарламаларын қаншалықты тиімді екенін, оны халықтың қаншалықты қолдайтыны туралы зерттеп кеттік. Ол деректерді біз қарапайым халық арасында әлеуметтік сауалнама жүргізу арқылы олардың қаншалықты тиімді болатынын және халықтың оған көзқарасы туралы тікелей жазып кеттік.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу