Ресейден Қазақстанға келе жатқан автобус пен жүк көлігі соқтығысты: Қаза тапқандар бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейден Қазақстанға келе жатқан автобус пен жүк көлігі соқтығысты: Қаза тапқандар бар

02.03.2023

Ресейдің Алтай өңірінде Қазақстанға келе жатқан автобус жүк көлігімен соқтығысып, екі адам қайтыс болды. Сондай-ақ, бес жолаушы жарақат алған.

Еліміздің Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы кезінде жарақаттанғандар арасында Қазақстан азаматы бар. Апат "Новосібір-Семей" бағытындағы жолда болған. 48 жастағы жүргізуші басқарған автобус жолдың қарсы бетіне шығып кеткені анықталды.

Индира Бегайдар


Хабарламаларға жазылу