Жезқазғандағы әрбір бесінші үйдің тозығы жеткен - депутат
Жезқазғандағы әрбір бесінші үйдің тозығы жеткен, ал 34 тұрғын үй апатты жағдайда тұр.
Сенат депутаты Советбек Медебаев депутаттық сауалында Ұлытау облысындағы баспана мәселесін көтерді. Ол жергілікті әкімдік қабылдаған шаралар арқылы мәселені жедел шешуге мүмкіндік жоқ екенін айтты. Инвесторлар жаңадан құрылған облыстың үй құрылысына қаржы салуға асықпайды.
Мәселені шешу жолдарының бірі – мұндай тұрғын үйдің иесіне өтемақы төлеу,- дейді депутат. Бірақ заң бойынша ақша төтенше жағдай болған кезде, үй құлағаннан кейін ғана берілетінін еске салды. Сондықтан ол апатты жағдайда тұрған үй иесіне жекешелендіру құқығымен баспананы бірінші кезекте беруді ұсынды.
Советбек Медебаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Алайда ғимараттың құлау фактілерінің болмауына қарамастан, ескірген тұрғын үйлердің кез-келген уақытта үлкен апатты жағдайға алып келу қаупі жоғары екенін ескеру қажет. Себебі тиісті шаралар дер кезінде қабылданбаса, төтенше жағдай орын алуы әбден мүмкін. Осыған байланысты өңірдің маңызды мәселесіне ерекше назар аударуыңызды сұраймын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақмола облысындағы Қаражар ауылына газ мерзімінен ерте жеткізілді
21.08.2026, 10:09
Ресейде жас ғалымдар сайлауға белсенді түрде қатыспақ
21.08.2026, 10:08
Колумбияда шахтадағы апаттан 13 жұмысшы қаза тапты
21.08.2026, 10:07
Вашингтон Ислам республикасын тарихтағы ең қатаң санкцияға алмақ
21.08.2026, 10:06
Мұнай бағасы бірден 2 пайызға қымбаттады
21.08.2026, 10:05
БҚО-да математика, химия пәндерінің мұғалімдері тапшы
21.08.2026, 10:04
Елорда әкімдігінің білім грантын иеленгендердің тізімі бекітілді
21.08.2026, 10:03
Абай облысында полиция жолда ереже бұзатындарды дронмен анықтауға кірісті
21.08.2026, 10:02