Елде агломерацияларды басқарудың жаңа моделі енгізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елде агломерацияларды басқарудың жаңа моделі енгізіледі

23.11.2022

Елде агломерацияларды басқарудың жаңа моделі енгізіледі. Бүгін мәжілісте заң жобасы қаралды. Өйткені, елдегі ірі қалаларда халық саны мен жер аумағы тез өсіп келеді. Соның салдарынан бірқатар проблема туындап отыр. Оларды реттейтін нормативтік құқықтық база жоқ. Сондықтан, арнайы заң қабылданбақ. Астана құрылғалы қала 3 есе, соңғы 10 жылда Алматы 2 есе өскен. Бұл шаһар тұрғындарының сапалы өмір сүруіне қолайсыздық тудыратыны сөзсіз. Инфрақұрылым мен жолдағы кептеліс мәселесі өзекті. Бүгін экономика министрі заң жобасын мәжіліс алдында қорғады. Құжаттың кейбір тұстарымен депутаттар келіспегенімен, ведомства басшысы бұл заңның экономикалық тиімділігі көп дейді. Әсіресе, жергілікті инфрақұрылым мәселесін реттеп, шағын жане орта бизнестің дамуына ықпал етпек. Заң жобасын депутаттар бірінші оқылымда мақұлдады. 

Асима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу