Әлемде ең көп демалатын ел - Сауд Арабиясы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемде ең көп демалатын ел - Сауд Арабиясы

10.02.2014
Әлемде ең көп демалатын ел - Сауд Арабиясы
«Үлкен жиырмалық» елдері ішінде демалыс күндерінің саны бойынша әлемде бірінші орында Сауд Арабиясы тұр.
 
«Интеррейтинг» компаниясының мәліметінше, Сауд Арабиясының азаматтары жылына 59 күн демалады екен. Оның 30 күні еңбек демалысы болса, қалған 29 күні ресми демалыстар.
 
Екінші орын Франция мен Бразилияның еншісінде. Бұл елдердің азаматтарына 30 күн еңбек демалысы мен 11 күн мерекелік демалыс ұсынылады.
 
Компания  рейтингі бойынша Ресей үшінші орында. Мұнда қызметтегі адамдар 28 күн еңбек демалысымен қоса, 12 күн мерекелік демалуға құқылы.

Хабарламаларға жазылу