Қ.Тоқаевты бірнеше елдің басшысы құттықтады
Мемлекет басшысының атына құттықтау жеделхаттары келіп жатыр.
Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпи Қасым-Жомарт Тоқаевты сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтады. Ол елді реформалауға бағытталған бастамаларға сәттілік тілеп, Жаңа Қазақстанды құру ісі ілгерілейтініне сенім білдірген. Қытай төрағасы өз сөзінде сіздермен бірге мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңіне қадам басуға дайынмын деп жазған.
Сонымен қатар Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин де құттықтау жеделхатын жіберді. Ол бұл сенім мандаты мемлекетті дамытуға бағытталған бастамаларды жүзеге асыруға жаңа мүмкіндіктер береді деп атап өткен. Елдеріміз арасындағы дәстүрлі достыққа, тату көршілік қарым-қатынасқа және өзара құрметке негізделген серіктестігіміз дамып келеді. Бұл жұмысты одан әрі жалғастырамыз деген.
Президент Тоқаевты Беларусь Республикасының басшысы Александр Лукашенко құттықтады. Телефонмен әңгімелесу барысында қос ел арасындағы әріптестіктің қазіргі жағдайы мен перспективалары талқыланды. Сонымен қатар тараптар күн тәртібіндегі өзекті халықаралық және өңірлік мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жалпыұлттық онлайн-марафон: Дискуссия алаңында 15 тақырып талқыланды
24.08.2026, 20:57
Ғалымдар Жанкент шаһарын 20 жылдан бері зерттеп келеді
24.08.2026, 20:54
Елімізде тарихи-мәдени мұраны қорғауға қатысты берік құқықтық тетік қалыптасты
24.08.2026, 20:50
Жаңбыр соңы қарға ұласады, кей өңірлерде +35 градус болады
24.08.2026, 20:44
«Жаңа оқу жылына - таза мектеп» акциясы өтуде
24.08.2026, 20:19
Көлік саласын цифрландыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
24.08.2026, 20:17
Елімізде міндетті сақтандыру жүйесі өзгереді
24.08.2026, 20:12
Амандасуда ұлттық әдеп бар
24.08.2026, 20:09