Әлем бойынша дауыс беру аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлем бойынша дауыс беру аяқталды

21.11.2022

Әлем бойынша дауыс беру аяқталды. Жаңа ғана соңғы болып Сан Францискодағы сайлау учаскесі жабылды.

Жалғас Сәдібекұлы, тілші:

Бүгін бізге сайлау учаскесіне таңмен таласа тұрып келген соң, алғаш болып дауыс беру мүмкіндігі бұйырды. Бірақ, өзіңіз көріп тұрғандай, ең соңғы сайлаушы таңдауын жасағанша ақпарат таратуға тырыстық. Сонымен ең соңғы болып таңдау жасаған отандасымыз Стэнфорд университетінде докторантура оқып жатқан Айвар Абрашұлы есімді азамат.

Сонымен АҚШ-тағы қазақстандықтар үш қалаға: Вашингтон, Ню-Йорк және Сан Францискоға барып дауыс берді. Соңғысында жалпы елдегі сайлау тарихында алғаш рет дауыс беру учаскесі ашылды. Бұл Калифорния мен оған жақын штаттарда тұрып жатқан қазақстандықтар үшін жақсы жаңалық болды. Алыс қалаларға сапарлатпай-ақ, өз таңдауларын жасауға мүмкіндік алды. Осылай Астанадан он төрт сағат уақыт айырмашылығына байланысты әлемде ең соңғы болып Сан Францискодағы сайлау учаскесі жабылды. Қазір дауыстар саналып жатыр. Қорытындысы Орталық сайлау комиссиясына жолданады. Ал дауыс беру бюллетендерін Сыртқы істер министрлігінің арнайы өкілі Қазақстанға алып кетеді.


Хабарламаларға жазылу