Тұманды Альбиондағы сайлау учаскесінде өтіп жатқан саяси науқан уақыт ерекшелігіне байланысты енді аяқталмақ
Тұманды Альбиондағы сайлау учаскесінде өтіп жатқан саяси науқан уақыт ерекшелігіне байланысты енді аяқталмақ. Біздің Лондондағы тілшіміз Марина Бекенова соңғы жаңалықтармен бөлісуге дайын.
Сайлау аяқталуға жақын
Марина Бекенова, тілші:
Әріптестер, Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігінің жанында орналасқан №244 сайлау учаскесіне келушілердің қарасы сиреді. Лондон уақыты бойынша сағат 8-де ғимарат есігі жабылып, бюлеттеньдерді санау басталады. Елшілік қызметкерлері дауыс беру процесінің ашықтығы мен әділдігін, учаскенің үздіксіз жұмысын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз ету үшін бар күшін салды.
Айбек Смағұлов, турист:
Шетелде дауыс беруім бірінші рет. Бір жағынан өзіміздің отандастарымызды көру. Сағынасың бөтен елде жүрген соң.
Болат Саламат, турист:
Жаңадан сайланатын президентіміздің алдына қойған мақсаттары, халқына деген, еліне деген жоспарлары сүйіспеншілікпен жүзеге асады деп ойлаймын, үміттенемін.
Айта кету керек конституциялық құқығын жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы азаматтары Лондонға Біріккен Корольдіктің түкпір-түкпірінен ат терлетіп келді. Олар Тұманды Альбионда уақытша немесе тұрақты тұрып жатқан отандастарымыз. Комиссия мүшелерінің айтуынша, учаске жабылғаннан кейін бірнеше минуттың ішінде Лондондағы сайлау нәтижелері белгілі болады.
Марина Бекенова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ақ бантик»: Түлектер желіде жаңа челлендж бастады
24.05.2026, 20:00
Президент мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттады
24.05.2026, 19:59
Арықтататын дәрілердің ағзаға зияны қандай?
24.05.2026, 19:56
Қытайда шахтадағы апаттан 90 адам қаза тапты
24.05.2026, 19:54
Мемлекет жалға беретін баспана мен жалға алу құнын субсидиялау: Шарттары қандай?
24.05.2026, 19:52
Жұмысшының еңбек құқығы: Заңға қандай өзгеріс енгізіледі?
24.05.2026, 19:51
Қазақстандықтардың 36 млрд теңге әкімшілік айыппұлы кешіріледі
24.05.2026, 19:50
Астанада күрес түрлерінен Әлем чемпионаты өтеді
23.05.2026, 20:08