Еліміздің барлық аймақтарында спортшылар саяси науқанға белсенді атсалысуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің барлық аймақтарында спортшылар саяси науқанға белсенді атсалысуда

20.11.2022

Бүгін еліміздің барлық аймақтарында спортшылар саяси науқанға белсенді атсалысып жатыр. Солардың ішінде параспортшыларда бар. Астаналық паракаратэші Дидар Мұхамеджанов 88-ші сайлау учаскесіне келіп өз таңдауын жасады. Мұнда, жалпы 2854 адам тіркелген. 10 байқаушы дауыс беру барысын жіті қадағалап отыр. Араларында АҚШ-тан арнайы келген байқаушы да бар.

Дидар Мұхамеджанов, Паракаратэден әлем чемпионы:
Бейбіт елде, көк тудың астында өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан да мен жеке басым ойлаймын, сайлау әділ өтеді деп. Әрбір қазақстандықтың берген дауысы өте маңызды.
Ақмарал Науатбек, Парадзюдодан әлем чемпионы:
Жалпы, саясатқа көп араласа бермеймін. Бірақ, азаматтық ұстанымым бар. Менің ойымша бұл адамдар еліміздің болашағы үшін таңдауын жасауы тиіс.


Хабарламаларға жазылу