Жамбыл облысы тұрғындарының 68 пайыздан астамы дауыс беріп үлгерді. Ал он мыңға жуық адам бүгін алғаш рет сайлауға қатысып жатыр.
Нұрдос Болатұлы, тілші:
Келіп жатқан сайлаушылар қатары сиреген жоқ. Әсіресе жастар мен қариялар да өз үлесін қосып жатқаны қуантады. Осы орайда мына мәліметтермен бөлісе кетейін. Облыс бойынша 493 учаске жұмыс істеуде. Сайлау барысын бақылауға партиялық ұйым өкілдері мен шетелдік байқаушылар да қатысып отыр. Соңғы мәліметке сай 716 мың адамның 68 пайыздан астамы дауыс берген. Мамандардың пікірінше бұл жақсы көрсеткіш. Саяси дода кешкі 20:00-ге дейін жалғасады десек, таңдау жасайтын тұрғындардың қатары көбейеріне сенім мол. 10 мыңдай тұрғын бүгін алғаш рет дауыс берді.
Өңір бойынша 4000-ға жуық комиссия мүшелері, 3000-дай байқаушы қатысып жатыр. Олардың 30-дан астамы шетел азаматтары. Облыс орталығы мен аудандарда 11 CALL – орталығы құрылған. Сондай-ақ тұрғындардың тіркеуін анықтайтын 256 онлайн-сервис жұмыс істеуде. Мәселен, мына мен тұрған №50 сайлау учаскесінде тіркелген тұрғындардың 60 пайыздан астамы дауыс берді. Жасы үлкен кісілерге, жастарға сыйлық үлестірілді. Жалпы бүгін мерекелік көңіл күйдеміз. Біз бөліскен ақпараттар әлі жаңарады.