Шетелдердегі отандастарымыз белсенді дауыс беріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелдердегі отандастарымыз белсенді дауыс беріп жатыр

20.11.2022

Шетелдердегі сайлау учаскелерінде де дауыс беру қызып жатыр. Елшіліктер мен консулдықтар ғимаратына түрлі себеппен шетелде жүрген азаматтар тоқтаусыз келуде.

Айдос Әшімұлы, тілші:

Мен тұрған Ыстамбұл қаласындағы №255 сайлау учаскесінде таңғы жетіден бері дауыс берушілер легі толастамай тұр. Конституциялық құқығын пайдаланып, таңдау жасап жатқандардың басым бөлігі осында оқитын студенттер мен жұмыс істейтін азаматтар. Арасында Қазақстаннан Түркияға бірнеше күнге келсе де арнайы тіркеліп, азаматтық ұстанымын білдіріп жатқандар бар. Солардың бірі Райза Сәтжанова. Ес білгелі сайлаудан қалып көрмеген Райза апа ел ертеңі үшін дауыс бергеніне қуанышты.

Райза Сәтжанова, зейнеткер

Шымкенттен келдім. Қазақстаннан осында специально келіп дауыс бердік. Қазақстанымыз көркейе берсін! Бәрі жақсы болсын, жастар аман болсын, бүгінгі ерекше күніміз ойдағыдай өтсін.

Халық маңызды саяси шараға отбасыларымен, кішкентай балаларын да ертіп келіп жатыр. Осы учаскеге тіркелген 300-ден аса адамның жартысына жуығы дауыс беріп үлгерді. Дегенмен сайлау учаскесінің жабылуына әлі бес сағаттай бар. Сондықтан кешке дейін тізімдегі азаматтардың барлығы өз таңдауын жасайды деп сенеміз.


Хабарламаларға жазылу