«Ордабасы» клубының ойыншылары сайлауда дауыс берді
Өткен аптада Қазақстан кубогының жеңімпазы болған шымкенттік «Ордабасы» клубының ойыншылары да бүгінгі саяси науқаннан шет қалмады. Команда мүшелері бүгін таңертең орталық стадионда орналасқан сайлау учаскесінде дауыс берді. Онан соң командаға жанкүйер болып жүрген балаларға шеберлік сағатын өткізіп, оларға естелік қолтаңба берді. «Ордабасы» бүгінде еліміздегі ойыншылары жас команда саналады. Футболшылардың орта жасы 22-де. Сондықтан да болар жас құрамның ойыны бөлек. Өрнегі өзгеше. Тағы бір ерекшелігі шаршы алаңда теңбіл доп теуіп жүрген 25 футболшының 17-і қазақ жігіті.
Самат Шәмші, «Ордабасы» футбол командасының ойыншысы:
Бүгін командамызбан келіп, өз таңдауымызды жасадық. Қателеспедік деген ойлаймыз. Бұл да бір тарих қой. Осы сайлаудан кейін Қазақстанымыз көркейіп, алға дамиды деген сенімдеміз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Футболдан Әлем чемпионаты: Топтық кезең аяқталды
29.06.2026, 20:19
Бибісара Асаубаева II дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды
29.06.2026, 20:16
Aqtobe Cinema кинотеатры ашылды
29.06.2026, 20:12
Президент атынан жаңа Конституцияның арнайы басылымы табысталды
29.06.2026, 20:09
Пәкістаннның шабуылынан 38 адам қаза тапты
29.06.2026, 20:07
Сенат 30 жылда 3,5 мыңнан астам заң қабылдаған
29.06.2026, 20:05
Қазақстан мен Грузия стратегиялық серіктес атанды
29.06.2026, 20:04
Баспана кезегінде кімдерге басымдық беріледі?
29.06.2026, 20:03