Қарақат Әбденнің штаб өкілі сайлауға байқаушы ретінде қатысып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарақат Әбденнің штаб өкілі сайлауға байқаушы ретінде қатысып отыр

20.11.2022
Президенттікке кандидат Қарақат Әбденнің штаб өкілі Астанадағы нөмірі 161 сайлау учаскісінде байқаушы болып отыр. Расұл Шәкәрімнің айтуынша, дауыс беруге келіп жатқандар саны көп. Ешқандай тәртіп бұзушылық байқалған жоқ дейді.

Расұл Шәкәрім, байқаушы:

Менің ойымша, барлық жастар, бүкіл Қазақстан азаматтары өзінің азаматтық борышын орындауы керек. Негізі сайлау қазіргі елдердің ең басты институты. Сол үшін байқаушы ретінде осында келдім. Таңғы сегізден бастадық жұмысымызды. Ешқандай да қателіктер жоқ.


Хабарламаларға жазылу