Президент сайлауына 10 шақты халықаралық ұйым мен 35 елден 640-тан астам байқаушы қатысып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент сайлауына 10 шақты халықаралық ұйым мен 35 елден 640-тан астам байқаушы қатысып отыр

20.11.2022

Бүгінгі саяси науқан әлем назарында. Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Васильенконың айтуынша, Президент сайлауына 10 шақты халықаралық ұйым мен 35 елден 640-тан астам байқаушы қатысып отыр. Саяси науқанды насихаттауға шетелден 260 тан астам БАҚ өкілі келген. Сондай-ақ бүгінгі маңызды саяси науқан қарсаңында сайлау учаскелерінде заң бұзушылықтың болмауын қадағалау маңызды. Бас прокуратура өкілдерінің айтуынша, бүгін үгіт насихат жұмыстарына тыйым салынған. Тек ресми тіркелген заңды тұлғалар ғана жария ете алады. Дауыс беру нәтижелерінің болжамдарын, сауалнамалар нәтижелерін БАҚ бетіне жариялауға болмайды. Осы уақытқа дейін сайлау мәселелері бойынша прокуратураға өтініштер түспеген. Ал Ішкі істер министрлігі өкілдерінің мәліметінше қоғамдық тәртіпті бақылауға 20 мыңнан астам полицей жұмылған.

Хабарламаларға жазылу