Әулиеаталықтар мұндай маңызды іс-шараларда үнемі белсенділік танытып келеді. Біз байқап отырмыз келген сайлаушылардың да көңіл-күйі керемет. Учаске де талап пен тәртіп қатаң сақталған. Жалпы бүгін Жамбыл облысында 716 610 адам сайлауға қатысады деп есептелген. Қазір облыс бойынша 4000-ға тарта сайлау учаскелерінің мүшелері, 1479 байқаушы қатысса, олардың 30-дан астамы шетел азаматтары. Тараз қаласы мен аудандарда 11 CALL – орталығы құрылған. Сондай ақ, тұрғындардың тіркеуін анықтайтын 256 онлайн-сервис жұмыс істеп жатыр.
Айта кетейік біз Тараз қаласындағы №50-ші сайлау учаскесінде тұрмыз. 3 сағат ішінде 200-ден (шамамен) аса адам келіп таңдау жасап үлгерген. Комиссия мүшелері қарттар мен алғаш дауыс беруге қатысқан тұрғындарға арнайы сыйлақтар табыстап жатыр. Жалпы қорыта айтқанда маңызды шарада, мерекелік көңіл күй сезіледі.